Атырауда үш күнге созылған «Түнгі кітапхана» жұмысының бүгін соңғы мерзімі

(0 Votes)

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы «Түнгі кітапхана» бойынша берген тапсырмасына сәйкес Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы 18 наурызда қолған алған шараның бүгін соңғы мерзімі,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қала тұрғындары мен оқырмандар үшін бұл — ерекше мүмкіндік, себебі бүгін түнгі 12-ге дейін кітап оқып қана қоймай, әртүрлі шараларға қатысуға болады.

- Қазақтың Наурызнама салты бойынша кітапханада үлкен шара өтуде. Үш күнге созылған акцияның мақсаты – оқырмандарды кітапханаға тарту және ұлттық салт-дәстүрді насихаттау,- деді Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана директоры Сара Измұханбетова.

Әз Наурыз мейрамы аясында кітапханашылар мен оқырмандар бірігіп “Береке бастауы — наурыз” атты іс-шара өткізді. Мерекелік кеште атыраулық кітапқұмарлар өз өнерлерін ортаға салды.

-Бұл әмбебап кітапхана болғандықтан көптеген кітап бар. Қабылдау сағаты ұзарған екен, түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы артқаны байқалады. Сабақтан немесе жұмыс уақытынан кейін осындай мүмкіндік пайда болғанына ризамыз. Кітапханамызды сүйетіндер үшін алыстағысы жоқ. Бүгін біз осында келіп, кітаптармен танысуды қаладық,-деді кітапхананың тұрақты оқырманы Гүлзира Айапова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT