Атырауда 90-ға жуық интернет-алаяқтық тіркелді  

Атырауда 90-ға жуық интернет-алаяқтық тіркелді  
фото: baq.kz
(0 Votes)

Атырау облысында жыл басынан бері 90-ға жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта олардың ішінде 37 қылмысқа қатысты 3 күдіктіге қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде интернет-алаяқтардың арбауына түскендердің қатарында 10-ға жуық зейнеткер бар. 

Атырау облыстық полиция департаменті азаматтарды интернет алаяқтарынан сақ болуды ескертеді. Кез-келген бейтаныс сілтемеге немесе смс хабарламаларға өтпес бұрын оның шынайылығына көз жеткізіп, жеке және қаржылық деректерді ешкімге бермеу қажет.  

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында қаладағы 20-ға жуық Kazpost бөлімшелері бар, барлығында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT