Атырау қаласының көшелерін инновациялық арнайы техника тазалайды

Атырау қаласының көшелерін инновациялық арнайы техника тазалайды
(0 Votes)

 Атырау қаласының коммуналдық қызметтері жаңа инновациялық арнайы техникамен жабдықталды. 

Өткен жылы «Теңізшевройл» компаниясы қалаға жалпы құны 150 миллион теңгеден асатын екі бірлік арнайы техниканы сыйға тартты. Бұл техниканың бірі – КО–530 илосорғыш машинасы, ол құдықтар мен кәріз жүйелерін тұнбалардан тазартуға арналған. Оның ерекшелігі – тек сұйықтықтарды ғана емес, сонымен қатар тығыз тұнбаларды да сорып алу мүмкіндігі бар. Машина арнайы вакуумдық сорғымен жабдықталған, бұл оны жылдың кез келген мезгілінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, техника қатал климаттық жағдайларда, температураның күрт өзгеруіне төтеп бере алады.

2024 жылдың қаңтар айында «Теңізшевройл» компаниясы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына КО-806 әмбебап жол машинасын да сыйға тартты. Бұл техника қыс мезгілінде жолдарды қардан, ал жазда шаңнан тазартуға арналған. Сонымен қатар, ол жолдарға арнайы реагенттер шашу және жасыл желектерді суару үшін де қолданылады. Машина құм шашқышпен (көлемі 7,5 текше метрге дейін), су ыдысымен (көлемі 7,8 текше метр), алдыңғы күрекпен және орталық тазартқышпен жабдықталған.

«Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компания ретінде ТШО қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары тұратын аймақтың әлеуметтік дамуына қолдау көрсетуді мақсат етеді, – деді «Теңізшевройл» компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Айбек Қарамбаев. – Бұған дейін Жылыой ауданына сыйға тартылған қар тазалау машиналары өз міндеттерін сәтті орындап, жолдарды уақытылы қардан тазартты. Осы техниканың да Атырау қаласында тиімді қызмет ететініне сеніміміз мол».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT