«Ардагерлер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қатары төмендегі жаңа жәрдемақылармен толықтырылды.
«Ардагерлер туралы» заңның 5 бабына сәйкес келесідей азаматтар басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып табылады:
- Тәжікстан – Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
- Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
- Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтағысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай – ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің, яғни бүгінге күнге АЕК 2778 тенге * 4,8 еселігі – 13335 теңгені құрайды.
- Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:
- «Тәжікстан – Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – әскери комисариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама. Тәжікстан – Ауғанстан учаскесіндегі ұрыс қимылдары: 1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанды қоса алғанда».
- «Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - әскери комисариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама. Ирактағы ұрыс қимылдары: 2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанды қоса алғанда».
- «Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтағысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай – ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - әскери комисариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама. Таулы Карабахтағы ұрыс қимылдары: 1986-1990 жылдар».
Аталған арнайы мемлекеттік жәрдемақы өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты, банктегі есеп шоты, тұрғылықты тұратын жерін растайтын және әскери комисариаттан алынған анықтамамен өтініш берген күннен бастап тағайындалады.
Барлық құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырады.
Сурет: ашық дереккөз