Әскери адам атанғыңыз келсе...

(0 Votes)

Азаматтар әскери институтарға «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы  Қазақстан Республикасы  Заңының 39- бабы  1-тармағының 1),2),3) тармақшаларына сәйкес оқуға түседі. Оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына осы қағидаларға 2-қосымша сәйкес әскери институтарға оқуға түсу үшін құжаттар тізбесін ұсынады. Құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер  қабылдауға жіберілмейді. Азаматтар әскери институтқа оқуға түсу үшін  қабылдау жылының 30 сәуіріне дейінді қоса алғандағы мерзімде тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы  басшысының атына мәнісі бойынша өтініш береді.Оқуға түсушілер қабылдау кезеңінде әскери институттың аумағында орналастырылады және жабдықтау нормалары бойынша  тамақтандырумен  қамтамасыз етіледі.

Әскери институтқа қабылдау мынадай тәртіппен  жүзеге асырылады:

I кезең- Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына сәйкес медициналық куәландыру;

II кезең- кәсіби –психологиялық іріктеу;

III кезең –дене шынықтыру дайындығын тексеру;

IV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

Оқуға түсушілерге қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.      

 

р/с №

Әскери оқу орындарының атауы

Орналасқан жері

1

Құрлық әскерлерінің Әскери институты

Алматы қаласы

2

Әуе қорғаныс Күштерінің әскери институты

Ақтөбе қаласы

3

Радиоэлектроника және байланыс әскер-инженерлік институты

Алматы қаласы

4

Кадет корпусы

Ақмола облысы

Щучинск қаласы

 

Офицер тек мемлекеттік қызметкер емес, ол көптеген адамдардың тағдыры тапсырылған мемлекет адамы.  

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының негізгі мақсаты – әлемдік стандарттарға сай білімді, шетел тілдерін еркін меңгерген, әскери және техникалық даярлықтың шеберлері болатындай нағыз әскери элитаны қалыптастыру.

Бұл оқу орындары Қарулы Күштерімізге қажетті командирлер, тәрбиешілер мен әлеуметтік-құқық саласының қызметшілері, инженер-техниктер және арнаулы мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттырып, әскери білімдері мен дайындықтарын жетілдіруді көздейді. Офицерлік қызмет, Отан қорғау-үлкен мәртебе. Оларды дайындайтын жоғары әскери оқу орындары ұйымдастырушылық қабілеті бар, ерік-жігері, денсаулығы мықты және табанды, қарамағындағыларды оқытып, тәрбиелей алатын біліктілігі жоғары офицерлерді дайындайды. Осыған байланысты Мақат ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери оқу орындарына талапкерлерді іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Әскери оқу орындарында тиімді оқу және сапалы жоғары білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Оқу корпустары дәрісханалармен, арнайы сыныптармен және зертханалармен жабдықталған. Курсанттар үшін компьютерлік сыныптар, оқу залы мен кітапхана жұмыс істейді.

Оқу мерзімінде курсанттар үш мезгілді тегін тамақтанумен, ақшалай қаражатпен,  киім-кешек жабдығымен, ақысыз дәрігерлік тексеріспен, қажетті оқу әдебиеттермен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын жазда-30, қыста 14 тәуліктік демалыс мерзімі беріледі, демалысқа бару және қайту жол ақысы - тегін.

Қазір әскери қызметшілерге әскери атақтары үшін төленетін еңбек пен сыныптық біліктіліктері үшін төленетін үстемақы көбейіп отыр. Ол-әскери қызметтің беделін арттыруға және әскерилердің мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге арналған қадам.

Әскери оқу орындарында оқуға тілек білдірген талапкерлерді қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде әскери оқу орнының қабылдау комиссиясы талапкерлердің медициналық,психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізіп,тізім қалыптастырады. Екіншісінде оқуға түсу жылы орта мектепті бітірген азаматтардың Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша қорытындылау, бұрынғы жылдары мектепті немесе басқа орта арнаулы оқу орындарын бітірген талапкерлер арасында  кешенді емтихан (қазақ,орыс) тілі, математика, Қазақстан тарихы, физика (немесе таңдаған мамандығына қарай) қабылдау жүргізілді. Ал,үшінші кезеңде қабылдау комиссиялары медициналық, психофизологиялық іріктеу және Ұлттық бірыңғай  тестілеу,кешенді емтихан нәтижелері, дене даярлығы көрсеткіштері бойынша оқуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және кәсіби техникалық білім алу үшін әскери орындары мынадай:

          1.Құрлық әскерлерінің әскери институты, Алматы қаласы.

Институттың міндеті-ұйымдастыру қаблеті дамыған,мықты, ерікті, шұғыл шешім қабылдай алатын, төзімді және тапқыр, терең бастамашыл, дене шынықтыру дайындығы жетілген, бағыныштыларына білім мен өнегелі тәрбие бере алатын мамандар дайындау. Институт болашақ офицерлерді мынадай мамандықтар бойынша даярлайды:

-әуе-десант әскерлерінің командалық тактикалығы;

-мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикалығы;

-танк әскерлерінің командалық тактикалығы;

-артиллерияның командалық тактикалығы;

-инженерлік әскерлердің командалық тактикалығы;

-бронетанкілі қару-жарақтар және техника:

-тәрбие құрылымдарының офицерлері;

-азық-түлік қызметі әскерлерінің командалық тактикалығы;

-киім-кешек қызметі әскерлерінің командалық тактикалығы;

-жанар-жағармаймен қамтамасыз етудің командалық тактикалығы;

-автокөлік әскерлерінің командалық тактикалығы;

-әскерлерді зымыран-артиллериялық қамтамасыз етудің командалық тактикалығы;

2.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе-Қорғаныс Күштерінің әскери институты, Ақтөбе қаласы.

          Аталмыш оқу орны еліміз Қарулы Күштерінің авиациясына біліктілігі жоғары, идеялық-адамгершілік, әскери-кәсіптік қасиеттеріне сай келетін офицер-мамандар даярлайды.

          Институт төмендегі мамандықтар бойынша офицерлерді оқытады:

майдандық авиацияның командалық тактикалығы (ұшқыш-инженер);

армиялық авиацияның командалық тактикалығы (ұшқыш-инженер);

авияцияның штурмандық тактикалығы (штурман-инженер);

ұшқыштар,тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар (инженер-механик);

авиациялық радиоэлектрондық жабдықтар (радиоинженер);

авиациялық құрал-жабдықтар (инженер-электрик);

авиациялық қару-жарақтар (инженер-электромеханик.

  1. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы қаласы.

Институт тек әскери ұжымдарды басқаруға қаблетті офицерлерді даярлап қана қоймай, Қарулы Күштердің құралымдары  мен  әскери бөлімдерінің заманауи әскери техникамен қарулануындағы радиоэлектроникалық құралдарды пайдалана алуға қаблеті зор, төзімді және тапқыр, біліктілігі жоғары офицерлер даярлайды.

Институт мына мамандықтар бойынша кадрлар даярлайды:

      -радиобайланыс және радионавигация-авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету әскерлері мен құрылымдары үшін;

      - байланыс желілері және коммуникация жүйелері-байланыс әскерлері үшін;

      - радиотехника Әуе-Қорғаныс Күштерінің және Құрлық әскерлерінің зениттік-зымырандық бөлімдері мен бөлімшелері үшін;

      - радиотехникалық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері үшін.

       Жоғары әскери оқу орындарын бітірген түлектерге «лейтенант» шені, бекітілген үлгідегі кеуде белгісі, әскери мамандығы туралы диплом беріледі.

Орта әскери-кәсіптік оқу орны-Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы, Щучинск қаласы.

          Оқу мерзімі 1 жыл 8 ай (11-сыныптан кейін). Кадет корпусының негізгі міндеттері:

-өз өнегесімен бағыныштыларды оқытып, тәрбиелеуге қаблетті, әскери техника мен қару-жарақты білікті түрде қолдана және жөндей алатын «расчет, экипаж, бөлімше командирі» мамандығы бойынша кәсіпқой-сержанттарды даярлау;

 -«автокөлік және бронды танкі техникасын жөндейтін слесарь» әскери кәсіптік-техникалық білім беру;

-«В» санатты әскери көлік жүргізушілерін даярлау;

-информатиканы,компьютерлік сауаттылық, этика және эстетика негіздерін игерту;

-халықаралық және мемлекеттік құқықтардың негіздерімен таныстыру.

Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген жастар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдерге (басқармаға) оқуға түсу жылының 1 сәуіріне дейін арыз береді.

Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті Мақат ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жолығуларыңыз сұралады  немесе байланыс телефондары  3-01-88, 3-16-19.

 

 

Е.Амиров,

Мақат аудандық қорғаныс істері

жөніндегі бөлім бастығы майор

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT