Жыл басынан бері Атырауда 23 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды

(0 Votes)

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыста «Еңбек» бағдарламасымен ағымдағы жылы 27 546 адам қамтылып, оның ішінде 22 879 адам жұмысқа орналастырылды.

"Сонымен қатар, 234 адам несие алып, 531 адамға мемлекеттік грант берілді, 2 614 адам қысқа мерзімді курстарға жіберілді және кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Және жыл басынан бері оңалту бағдарламасы бойынша 11 642 мүгедектігі бар адам қажетті жабдықтармен және әлеуметтік оңалту қызметтерімен қамтылды" деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521