Жоғалған бала анасына табысталды

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қалалық полиция басқармасының 102 операторына қаладағы Махамбет көшесі бойында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген баланың жоғалғаны туралы хабарлаған азаматша, өзіне бауырының уақытша қалдырып кеткен баланың қала шетіндегі жеке секторларының бірінде тұратынын, сондықтан бұл аумақты дұрыс білмейтінін айтты.

Бағыттама бойынша, 2011 жылы туған баланы іздеуге қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

Арада жарты сағатқа жетпейтін уақыт ішінде орталыққа ПБ Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімі аға инспекторы полиция капитаны Ерлан Өтениязовтан рация арқылы баланың табылғаны туралы хабар келді.

8-жастағы бала аулада ойнап жүріп, байқамай үйден ұзап кетеді. Айтуынша, адасып , үйді таппай жүре беріпті. Полиция капитаны Ерлан Өтениязов баланы Абай көшесіндегі 19 үй мен Достық көшесіндегі 1 үй қиылысындағы аумағында ауласынан тапқаны туралы хабарлайды.

Жасөспірім баланың аман табылғанына қуанған туыстары полицейлерге алғысын білдірді.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT