Винокуров қарсыласын ақша төлеп жеңген

(0 Votes)

Алматы, BAQ.KZ. Бельгия прокуратурасы бұрынғы кәсіби велошабандоздар Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобневті қылмыстық келісім жасады деп айыптап, алты айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны талап етті. Бұл туралы Prosports.kz  хабарлады. 

Колобнев пен Винокуров жарыстардың бірінде екеуара келісілген қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Бельгияның прокуратурасы бұрынғы велошабандоздарды алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар, Еуропаның осы елінің прокуратурасы Винокуровқа 100 мың еуро, Колобневке 50 мың еуро айыппұл салуды, сондай-ақ оның банктік шотынан 150 мың еуроны тәркілеуді талап етеді.

Сот үкімі жария етілетін сот отырысы 8 қазанда өтеді.

Бельгиялықтардың айтуы бойынша, Александр Винокуров 2010 жылы бір күндік «Льеж - Бастогне - Льеж» жарысында қарсыласы Колобневке 150 мың еуро төлеген. Есесіне Коболев мәре сызығына таяған тұста Винокуровқа әдейі жол беруі тиіс болған. Екі спортшы бұл қауесеттерді бірнеше рет жоққа шығарды.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521