Тұрмыстық зомбылық – қоғам кеселі

(0 Votes)

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға көмек көрсету мақсатында аудандық ПБ-нің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы және отбасылық демаграфиялық саясат жөніндегі бөлімшесімен, үкіметтік емес ұйымы, білім беру, денсаулық сақтау бөлімдерімен жыл басында жоспар жасақталған болатын.

Осы жоспарға сай, тұрмысы қолайсыз отбасыларды құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылық фактірлерін болдырмау және алдын алу профилактикалық жұмыстар атқара отырып, жоспарлы рейдтер ұйымдастырылып, жайсыз отбасылар анықталып, профилактикалық істер жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінде «Қолайсыз отбасы» санатымен 13 отбасы бар. Олардан шыққан балалар саны-36 жасөспірімді құрайды.

Отбасы тұрмыстық саласында зорлық-зомбылық көрген әйелдер күн санап артуда. Әйел адамдардың бір отбасында күйеуінен, азаматтық некедегі жолдасынан, баласы немесе бірге тұратын туыстарынан зорлық-зомбылық көруіне байланысты  ҚР-ның 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңынын 20 бабына сәйкес, құқық бұзушы субьектісіне «Қорғау нұсұқамасы» толтырылады. Қорғау нұсқамасы жәбірленушінің Конституциялық құқықтарын, еркіндігі мен бостандығын, заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  алдын алуға және жолын кесу үшін, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға отыз тәулікке толтырылады. Жыл басынан бері әйел адамдарды зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында құқық бұзушылықтарға жыл басынан бері 99 былтыр (59) «Қорғау нұсқамасы» берілді.

Мәселен, бір отбасында тұрып ері әйелін ар-намысына тиетін сөздер айтып, ұрыс-жанжал шығаратын болса, күйеуіне «қорғау нұсқамасы» толтырылады. Қорғау нұсқамасы алынғанан кейін жәбірленушінің еркіне қарамастан оны іздестіруге, ізіне түсуге, баруға, ауызша сөилесуге, қорқытуға, өзгеде тәсілдермен байланыс жасауға тиым салынады.

«Қорғау нұсқаманың» талаптарын бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Аталған баптар бойынша осы жылы 6, былтыр 1 әкімшілік хаттама толтырылған.

Түскен арыз шағым  бойынша жанұя шырқын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен биыл-55, былтыр-15 әкімшілік хаттама толтырылып аудандық сотына іс-құжаттар жолданып шарасы алынды.

Учаскелік полиция инспекторларының үнемі жанұя шырқын бұзатын тұлғаларға сотқа жолданатын іс-құжаттарға мінез-құлықтарына ерекше талаптар белгілеу үшін ұсыныстар жолданып отырады. Ерекше талаптар белгіленген тұлғалар биыл-10, былтыр-11 болды.

Жанұялық жанжал бойынша хабарлама берген әйел адамдар полиция қызметкерлері мекен-жайға жеткенше заңды некедегі жолдасымен немесе ағайын туыстарымен достасып арыз жазудан бас тартқан жағдайда да УПИ-лар азаматшаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында «Қорғау нұсқамасын» береді.

Әйел адамдардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы бойынша былтырда, биылда тіркелген жоқ.

Сондай-ақ  отбасында заңды некедегі жолдасы немесе азаматтық некедегі жолдасынан алкогольді өнімді шектен тыс пайдаланып, отбасына маза бермей, күш көрсетіп, үйінен қуып жіберіп жатырғандығы жөнінде полиция қызметкерлеріне хабарлама берген азаматшаларға Атырау қаласы Алмагул мөлтек ауданында орналасқан Дағдарыс орталықтарына орналастыру туралы түсінік жұмыстарын жүргізген кезде, азаматшалар орталыққа барудан бас тартады. Олардың бас тартуының бірден бір себебі кенттің тұрғыны болуы, яғни осы өлкеде туып-өсіп, ағайын-тумасының осында болуы, алайда Дағдарыс орталығының сенім телефонымен құқықтық кеңес беретін орталығы бойынша көрсетілген брошюралар таратып профилактикалық әңгімелер жүргізілуде.

К.СЕРІКБАЕВА

Мақат АПБ ЖПҚб-нің ӘЗЗқ

жөніндегі инспекторы полиция капитаны

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521