Нысан басшыларына айыппұл салынады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І Заңы 10-3 бабында, меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің көрсетілген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылатындығы көрсетілген.

Аталған заңға сәйкес «Террористік тұрғыдан осал объектілер» – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер болып табылады. Олардың тізбесі және оларға қойылатын тиісті талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген.

Атырау облысы әкімдігінің 10.04.2018 жылғы № 78 қаулысына сәйкес Мақат ауданына қарасты жоғарыда аталған 1,2,3,4 санаттары бойынша террористік тұрғыдан осал нысандардың тізімі жаңадан бекітілді. Сонымен қатар, тексеру барысында жұмыс тобының мүшелерімен ТТО нысандарының басшылары мен қызметкерлері құрамы арасында нысандарды терроризмге қарсы қорғау жүйесінің талаптары мен міндеттерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, террористiк тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен персоналы үшін ҚР ІІМ әзірлеген олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселесі бойынша әдістемелік ұсынымдар таратылады.

Меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдар белгіленген іс-шараларды сақтауға міндетті болып табылады және қойылатын талаптардың тиісінше сақталуына тексерілулерді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жылына кемінде бір рет жүргізеді.

Осыған орай, 2018 жылдың мамыр айынан бастап аудандық полиция бөлімінің жанынан құрылған жұмыс тобымен тексеріс тағайындалды. Бұл тексерістің мақсаты - террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру. Осыған орай, объектілерді талаптарға сәйкестендіру сұралады.

К.САДЫКОВ,

аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT