Мешітте қиылған неке заңсыз

(0 Votes)

Некеге /ерлі-зайыпты/ тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген.

Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып, қозғай алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Некеге отыру/ерлі-зайыпты/болу туралы өтініш жазбаша түрде жасалуы тиіс. Неке /ерлі-зайыпты/болу мемлекеттік тіркеу органдарында некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен қиылады. Неке/ерлі-зайыпты/ қию кезінде өкіл жіберілмейді. Некеге/ерлі-зайыпты/болу туралы өтініш тіркеуші органға бір ай бұрын беріледі.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде қиылған неке ғана заңды болып танылады. Мешітте қиылған некенің күші жоқтығын айта отырып, кейбір азаматтарымыз «некеміз мешітте қиылды» деп, сол неке заңды деп жүре береді. Бірақ бұл дұрыс еместігін айта кеткім келеді. Себебі адам басында әр түлі жағдайлар болуы мүмкін. Сол кездерде мешіттегі қиылған некенің, яғни неке туралы куәліктің еш жерге заңдылығы жүрмейді. Балалы болғанда да, баланың туу туралы куәлігіне мешіттен алған куәліктің күші болмай, тіркеу органына баланың әкесі келіп, әке тану жасалмаса, туу туралы куәлікке баланың тегі заңды некеге тіркелмегендіктен, шешесінің тегіне жазылады. Заңсыз некенің болашағы жоқ, дау туған жағдайда заңды некеге тіркелмегесін, көп қиыншылықтар болады. Дәлелдеу үшін сотқа жүгініп жатады. Қазіргі кезде көп адамдар азаматтық некеде тұрып, некеге тіркелмей жүре береді.

Сол себепті адаспай, тиісті тіркеу органдарына келіп некеге тұруға арыз беріп, некелеріңізді заңдастырғандарыңыз жөн. Неке қиюды/ерлі зайыпты болуды/мемлекеттік тіркеу некеге отыратын адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

Г.БИТАШЕВА,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT