Мамандар ұйқышылдықтан арылтатын тағамдарды атады

(0 Votes)

Түске дейін жеміс жеп, сағат төртке таман грек жаңғағы мен миндаль көмектеседі дейді мамандар.

Дербес медицина профессоры Маргарита Королованың айтуынша, адамның сағат 15:00-16:00 шамасында энергиясы таусыла бастайды екен. Сергіп, қуаттану үшін клетчатка мен ақуызға бай көкөністер мен жарма көмектеседі. Сонымен қатар грек жаңғағы мен миндальдың да пайдасы зор. Дегенмен тұтынатын тағамның үлес көлемі 200-300 грамнан аспауы керек. Күш-қуат жинап алу үшін бір стақан шай немесе кофе де жеткілікті.

 «Түскі асқа дейін жеміс жеген өте пайдалы. Ол тонуста болуыңа көмектеседі. Мен көмірсутегі мен ақуызға бай тағамдарды тұтынуға кеңес берер едім»,- дейді маман.

Ұйқышылдық тек ұйқы қанбағаннан емес, артық тағам пайдаланғаннан да болатынын айтты.

Ауа қан айналымымен бірге асқазанға түседі, сол кезде ол миға жетіспей қалады. Бұл процесті қалпына келтіру үшін дәрігер шырындар мен суды тамақтанып болған соң 40 минуттан кейін ішуге кеңес береді. Оның айтуы бойынша, түстен кейін дене мен тыныс алу жаттығуларын жасаған өте пайдалы көрінеді.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT