Халық банк қарызды кешіреді

(0 Votes)
Halyk Bank Жамбыл облысындағы әскери нысанда болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Арнайы таратылған баспасөз хабарында: “Halyk Bank басшылығы мен банктің мыңдаған адамнан тұратын ұжымы атынан Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қазатапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлерінің өмірін қиып, ел үшін және әрбір қазақстандық үшін орны толмас қайғыға айналды”, – делінген. Сондай-ақ, жарылыс кезінде ажал құшқан азаматтардың несиесін есептен шығаратыны айтылған: “Банк басшылығы зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан Halyk Bank клиенттеріне банктен алған қарыздарды есептен шығару туралы шешім қабылдады. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз”.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521