Жыл басынан бері Атырау облысында 720 алаяқтық қылмыс анықталған, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінен хабарлады.
Алаяқтық істердің 407 фактісі интернет-алаяқтық бабы бойынша қозғалған.
- Атырауда интернет-алаяқтық әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттары арқылы көп жасалады. Бұл ретте полиция департаменті жыл басынан бері ұйымдастырған «Anti Fraud» жедел-профилактикалық шарасын ұйымдастырды. Оның нәтижесінде өткен жылдарда жасалған 21 құқықбұзушылық анықталып, қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді Атырау облысы ПД тергеу басқармасы бастығы Нұрмұхамбет Муталиев.