Бүгін облыстың басым бөлігінде жел күшейеді

(0 Votes)

Сәрсенбі елімізде күн райы ашық болады, алайда жел күшейеді, – деп хабарлайды Қазгидромет.

6 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ, Республиканың батыс, оңтүстік және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, оңтүстікте қатты нөсер, шығыста түнде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте түнде және таңертен тұман түсуі мүмкін.

aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT