Атырауда жол ережесінің бұзылуына байланысты 840-қа жуық дерек тіркелді

(0 Votes)

Облыста жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолаушылар тасымалына бақылауды күшейту мақсатында республикалық «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Атырау облысы ПД  инспекторы Айбек Алимов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, іс-шара барысында облыс аумағында жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдау деректерін анықтау және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу мақсатында бірқатар бақылау шарасы жүргізілді.

– Рейд барысында заңсыз техникалық өзгерістер енгізілген көлік құралдарын (оның ішінде автобустар, шағын автобустар мен таксилер) пайдалану фактілері, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, мас күйінде рөлге отыру, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау ережесін бұзу, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өтпеу, қауіпсіздік белдігін тақпау және ұялы телефон пайдалану сияқты құқықбұзушылықтар анықталды, – деді А.Алимов.

Үш күнде облыс көлемінде жалпы 838 құқықбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, мас күйінде көлік басқару бойынша - 8, қарсы бағытқа шығу бойынша - 15, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізудің 39 дерегі, ұялы телефон пайдалану бойынша - 42, сонымен бірге қауіпсіздік белдігін тақпаудың 237 фактісі және маневр жасау ережесін бұзудың 62 дерегі анықталды. 

Анықталған заңбұзушылықтар нәтижесінде 45 автокөлік айыптұраққа қойылып, 6 көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.

Іс-шараны тиімді іске асыру үшін полиция қызметкерлері көлік инспекциясы, мемлекеттік кірістер органдары және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдерімен бірлесіп жұмыс жүргізді.

Атырау облысының полиция департаменті мамандары тұрғындарды жолда мұқият болуға, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT