Атырауда электр қуатының бағасы көтерілді

(0 Votes)

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау Энергосату» ЖШС электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті тарифтерді көтеруді мақұлдады.

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық тұтынушылардың барлық топтары үшін электр энергиясының 1 кВт/сағ бағасы қымбаттады.

Атап айтқанда, түпкілікті тұтынушыға, яғни сіз бен біз үшін – 5,71 теңгеден 6,28 теңгеге (барлық жерде бағалар қосымша құн салығынсыз) немесе 9%-ға (департаменттің қарауына берілген өтінішінде монополист тарифті 84%-ға көтергісі келді) қымбаттайды.  

Электр тогын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін (басқа тұтынушылар)– 31,45 теңгеден 33,65 теңгеге дейін немесе 3%-ға өседі;  

- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін – 38 теңгеден 46,61 теңгеге дейін немесе 22%-ға;  

- ауылшаруашылығы дақылдарын өндіру және өңдеу үшін электр энергиясын пайдаланатын тұтынушылар мен «Атырау облысы Су Арнасы» – 23,14 теңгеден 24,52 теңгеге дейін немесе 5%-ға өсті.


ATPress.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT