Атырау тұрғындарының 40 млн теңгесін иемденген алаяқ ұсталды

(0 Votes)

Атыраулықтардың 40 млн теңгесін иемденген алаяқ Алматыдан ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау тұрғыны алаяққа алданып, 400 мың теңгесінен айырылғаны туралы шағым түсірген.

«Полиция қызметкрелері аталған дерекке байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Аталған қылмысқа күдікті Қарағанды облысының 1987 жылғы тумасы анықталды. Ол екінші деңгейлі банктер арқылы тауарлық несиелер алып беруге уәде етіп, адамдардың сеніміне кірген. Сөйтіп, қаражатты қалтасына басқан. Күдіктінің бұдан өзге Атырау облысының 40 тұрғынын алдап, 40 млн теңгеге жуық залал келтіргені анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке байланысты күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті Алматы қаласында ұсталып ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Күдікті ретінде ұсталған ақтқбелік әйел OLX қосымшасы арқылы Атырау қаласындағы бірнеше шағын ауданда пәтерлері бар екеніне сендірген. Жалға берілетін пәтер үшін келіскен соманың 50 пайызын алдын ала төлеуді өтініп, ұлының жеке есепшотына аудартып отырған.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікке ілінген 1980 жылғы әйелге қатысты 20 дерек дәлелдеді. Алаяққа алданғандардың арасында 9 атыраулық бар. Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан, Тараз, Алматы, Қарағанды, Қостанай қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын да сан соқтырған. Осыған байланысты 11 дерек анықталған.

 

Фото: polisia.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521