АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – «Атырау - Орал» тасжолында болған жол апаты видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол-көлік оқиғасы дүйсенбі күні кешкісін «Атырау – Орал» тасжолында, Бейбарыс ауылына жақын маңда болған.
Қатты жылдамдықпен келе жатқан Lada Largus және Нива көліктері соқтығысқан. Көліктер қақтығыстың күшімен жолдың шетіне шығып кетті. Дегенмен, ең бастысы олар аударылмаған және жанбаған.
![]()
Махамбет аудандық ауруханасының мәліметінше, қос көлікте болған жеті жолаушы түрлі жарақатпен жеткізілген. Оларға тиісті ем-дом мен көмек көрсетіліп жатыр.
Облыстық полиция департаменті толық ақпарат кейін берілетінін жеткізді.


