Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының хабарлауы бойынша 2020 жылдың 11 маусымында сағат 01:56 шамасында Атырау қаласы, Еркінқала-2 кентінде 2009 жылы туылған кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Ол 10 маусым күні сағат 18:00-де велосипедпен кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылады. Сол күні таңертең кинологиялық есеппен Орал өзенінің жағалауынан велосипед пен баланың заттары табылады.
Сағат 8:10-да шамасында Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп және 1 жүзу құралымен баланың денесі суға түсуге жабдықталмаған жерден судан шығарылды.