Мақатта ауыр атлетикадан облыстық турнир өтті

(0 Votes)

Өткен аптаның демалыс күндері Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Балалар жылына» арналған ауыр атлетикадан ұлдар мен қыздар арасында облыстық ашық біріншілік өтті.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған сайысқа 2006 жылы туылған және одан төменгі жастағы жасөспірімдер қатысты.
Дода да жас зілтеміршілер IWF – әлемдік ауыр атлетика федерациясы бекіткен ережесі негізінде 30, 33, 37, 41, 45, 49, 55, 61, 67, 73, +73 салмақ дәрежелері бойынша шеберлік байқасты. Жарыста Қызылорда облысы (Қазалы ауданы, Жалағаш ауданы), Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы (Жаңаөзен қаласы), Түркістан облысы, Ақтөбе облысы (Байғанин ауданы), Атырау қаласы мен жергілікті ауданымыздың командалары күш сынасты.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатын қатысқан аудан әкімі Ринат Хисаұлы барлық спортшыларға ізгі лебізін жолдап, сәттілік тіледі.

ziltem-1

Бүгінгі күнге дейін спорттың бұл түрі аймақта кенжелеп тұр. Облыс бойынша ауыр атлетика үйірмесі тек облыс орталығында және біздің ауданымызда ғана бар. 2017 жылы аталмыш спорт түрін дамыту мықтап қолға алынып, ауыр атлетикадан жасөспірімдерді даярлайтын арнайы үйірме ауданымызда ашылған болатын. Әмір Қосмурзиев бапкерлік ететін бұл үйрмеде қазір 14 спортшы тәрбиеленуде. Бұқаралық спортты насихаттап, зіл темір көтеруден облыстық ашық турнир ауданымызда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Екі күнге созылған сайыстың алғашқы күні жас зілтеміршілер өзара бақ сынасса, ал келесі күні ауыр салмақтағы ауыр атлеттер өзара кім мықтыны саралады. Жарысқа 105 атлет қатысса, оның 5-еуі қыз. Ауданымыздан 9 спортшы жарыс жолына шығып, оның төртеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, Ерасыл Қосмурза 41 келі салмақта, Асылбек Жолдасқали 49 келі салмақта, Елхан Бауыржанұлы 61 келі салмақта алтыннан алқа тақса, Ерасыл Мұрат +73 келі салмақта қола жүлдегер атанды.
Жалпы сайыс қорытындысы бойынша 30 келі салмақ дәрежесі бойынша Ә.Пахтов (Ақтөбе) І орын, Н.Серікұлы (Қызылорда) ІІ орын, Ы.Қайролла (Маңғыстау) ІІІ орын, 33 келі салмақ дәрежесі бойынша А.Ташмахамбет (Ақтөбе) І орын, А.Меретбай (Түркістан) ІІ орын, Е.Аманғали (Байғанин) ІІІ орын, 37 келі салмақ дәрежесі бойынша Ж.Аманғали (Байғанин) І орын, Қ.Сәрсенбай (Түркістан) ІІ орын, С.Асқар (Орал) ІІІ орын иеленді.
41 келі салмақ дәрежесі бойынша Р.Серікбай (Түркістан) ІІ орын, Т.Тоқбай (Түркістан) ІІІ орын, 45 келі салмақ дәрежесі бойынша Е.Танат (Ақтөбе) І орын, Ә.Амангелді (Байғанин) ІІ орын, А.Аймырза (Жалағаш) ІІІ орын, Д.Құрманғазиев (Орал) ІІ орын, Е.Ботақали (Орал) ІІІ орынмен марапатталды.
55 келі салмақ дәрежесі бойынша Ж.Арпабай (Түркістан) І орын, Н.Темір (Қызылорда) ІІ орын, А.Серкебайұлы (Байғанин) ІІІ орын, 61 келі салмақ дәрежесі бойынша Д.Мейрамбек (Қызылорда) ІІ орын, Н.Бахтияр (Түркістан) ІІІ орын, 67 келі салмақ дәрежесі бойынша С.Мейрамбек (Қызылорда) І орын, Ж.Есенгосов (Байғанин) ІІ орын, Н.Ирсали (Түркістан) ІІІ орыннан көрінді.
73 келі салмақ дәрежесі бойынша А.Қонысбекұлы (Қызылорда) І орын, Д.Тұрсынбай (Жалағаш) ІІ орын, Ернар Абжанов (Қызылорда) ІІІ орын, +73 келі салмақ дәрежесі бойынша Д.Амангелді (Түркістан) І орын, Е.Мейрамбек (Қызылорда) ІІ орынға лайық өнер көрсетті.

ziltem-3
Қыздар арасында 45 келі салмақ дәрежесі бойынша Ж.Жамбылова (Қазалы) І орын, Ә.Кенжебаева (Ақтөбе) ІІ орын, К.Әлжанова (Ақтөбе) ІІІ орынға ие болды. Барлық жеңімпаздар медальдар және дипломдармен марапатталады.
«Ауданымызда қазан айында ауыр атлетикадан ел чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сайыс соған дайындық десек те»,- болады дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Исполов.


М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521