Жазғы универсиада: Қазақстандық таеквондошылар ел қоржынына 14-ші медальді салды

(0 Votes)

ҚазАқпарат - Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада таеквондодан командалық есепте ел құрамасы қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абдурахмон Марипов, Бейбарыс Қабылан, Бексултан Мұсахан және Шамсат Дуйсенов командалық жарыста үздік үштікті

түйіндеді. Қазақстандық таеквондошылар жартылай финалда Иран құрамасынан жеңіліп қалды. Салдарынан «қола» медальді қанағат тұтты. Тағы бір «қола» қытайлық спортшыларға бұйырды.

Оңтүстік Корея спортшылары чемпион атанса, ирандықтар екінші орынға жайғасты. Қазірге дейін ел құрамасы қоржынында 14 медаль бар. Оның 1-і алтын, 5-і күміс, 8-і қола.

Жазғы универсиада 8 тамызда мәресіне жетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521