«Жас дәурен – 2020» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

(0 Votes)

Балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығына қолдау көрсету, талантты өнер иелерінен жаңа есімдерді іздеу және олардың бойындағы өнерінің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашу мақсатында аудандық мәдениет үйі «Жас дәурен – 2020» онлайн өнер фестивалін ұйымдастырған болатын. 3-қараша күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткізілген аталмыш фестивальдің марапаттау рәсімі өтті.

Бұл байқауға 5-12 жас аралығындағы 25 үміткер «би» және «ән» жанрлары бойынша  қатысты.

jas-dauren-4

Байқау қорытындысымен  «би» жанры бойынша жүлделі ІІІ орынға «ЕркеНұр» би тобы мен Медина Мұхамбетияр (Б.Қанатбаев орта мектебі), ІІ орынға Серікбай Гүлсезім (№ 2 бастауыш мектебі), І орынға Қарақат Бисенбай (Х.Санбаев орта мектебі), Бас жүлдеге М.Баймұханов орта мектебінен қатысқан Диляра Қалдыбай ие болды.

jas-dauren-2

«Ән» жанры бойынша жүлделі ІІІ орынды Нұртас Амандық (аудандық мәдениет үйі) пен Назерке Берік (№ 2 бастауыш мектебі), ІІ орынды Ақсүйрік Асқар (М.Баймұханов орта мектебі), І орынды Мадина Қандыгерей (Х.Санбаев орта мектебі), Бас жүлдені Л.Шахатов орта мектебінен қатысқан Айдана Амандық жеңіп алды.

jas-dauren-1

Барлық қатысушыларға алғыс хат пен дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды.

А.ЕСЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521