ЗАМАНБЕК - ЕУРОПА КУБОГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

ЗАМАНБЕК - ЕУРОПА КУБОГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
(0 Votes)

Түркия елінің Анталия қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогінде жерлесіміз Заманбек Бақтығали жүлделі III орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. Еліміздің абыройын асқақтатқан Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, үздік үштіктен көрінді. 

Спортшының бапкері Абзал Капсалимовтің айтуынша, 66 келі салмақта белдескен жерлесіміз жарыста 6 кездесу өткізіп,оның 5-еуінде жеңіске жетті.

Мұнайлы мекеннен шыққан спортшымыздың бүгінге дейін алған асулары мен бағындырған биіктері көп.

Ендеше, әлемдік додадаларда топ жарып, еліміздің көк туын көкке желбіретіп жүрген саңлағымызға жеңісті күндерің көп болсын дейміз!

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT