«Атырау» футзал клубына жаңа ойыншы

«Атырау» футзал клубына жаңа ойыншы
(0 Votes)

 Жерлесіміз «Мақат» командасының ойыншысы Расул Ерболұлы алғашқы кәсіби келісім шартқа отырды. 

Жылдар бойы «Мақат» командасында үздік ойын көрсетіп, аудан намысын биікке көтерген аяқдопшы «Атырау» футзал клубының жаңа ойыншысы атанды.

Футболшының толағай жетістікке жетіп, кәсіби дамуына жол ашқан жаттықтырушылары Ержан Шарафиев, Жақсылық Амандосов және Әнуар Теңдібайдың еңбектері орасан зор. Жергілікті команда сапында 7 жыл бойы үздіксіз өнер көрсеткен Расул облыстық, республикалық додаларда топ жарып, бірнеше рет жүлдегер атанған.

Ал аяқдопшының жаңа құрама сапындағы алғашқы ойыны Ақтөбе қаласында өтетін республикалық чемпионат болады деп көзделуде.

Айта кетейік, биыл «Атырау» футзал клубының қатары жергілікті үш жаңа ойыншымен толықты. Олар Атырау қаласында өткен арнайы іріктеуге қатысып, жүзден жүйрік атанған аяқдопшылар.

Олай болса болашағынан үлкен үміт күттіретін жерлесіміздің жаңа құрама сапындағы ойындарына сәттілік тілейміз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT