Үздік футболшылар марапаттарына қол жеткізді

(0 Votes)

Мақаттықтар үшін футболдың алатын орны ерекше. Облыс, қала берді республикалық сайыстарда мақаттық аяқ допшыларды көрген қарсыластар алаңға шықпай жатып-ақ үркейтін жағдайға жетті. Себебі біздің ауданда футбол ойнамайтындардың өздері №1 спорт дегенде жанын сала жанкүйер болып, ішкен асын жерге қояды.

2014 жылдан бері дәстүрге айналған әуесқойлар арасындағы тартысқа толы турнир қазіргі таңда көршілес ауданнан келген қонақ командалар мен облыс намысын қорғап жүрген кәсіпқой футболшылар да қатысатын деңгейге жетті. Сондай-ақ соңғы жылы жоғарғы лигамен қатар, брінші лига, қызмет лигасы және балалар арасындағы лигалар да көрерменнің күтіп жүретін бәсекесіне айналды.

29 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде футбол біріншіліктері мен кубоктарының жеңімпаздары, жүлдгерлерін және үздік ойыншыларын марапаттау салтанаты өтті. Жиналғандарға алдымен жаздағы ойындардың ерекше сәттерінен құралған бейнеролик көрсетілді.

Кейін Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әмірхан Жүгінісовқа балалар лигасының чепиондарын марапаттау құрметі бұйырды.

jghjghbnvbfgg

3e3e3e4rfffv

5t5t6t6rtrtygh

6rhfygvbfgvcfd

6tgtgfgfrr

7hgynvbgh5rtf

2013-2015 жылғы балалар арасында жүлделі орындар Мақат БЖСМ-нің сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші командаларына тапсырылды.  2011-2012 жылдары туғандар арасында ІІІ орын Мақат БЖСМ-нің екінші командасына, ІІ орын Доссор БЖСМ командасына және І орын Мақат БЖСМ-нің бірінші командасына табысталды.

"Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол секциясының жаттықтырушыларына зор алғыс айтқым келеді. Өткен жылы республикалық турнирде күміске қол жеткізген шәкірттеріңіз алдағы уақытта чемпион атануына тілектеспін. Күні кеше ғана облыстық спорт басқармасы жыл үздіктерін анықтағанда біздің аудан Спорттық аудан атағын алғандардың қатарында болды. Оның өзі біз үшін үлкен жетістік», - деп кетті Мақат БЖСМ директоры Әмірхан Жүгінісов.

Ал аудандық балаларды даярлау клубының басышысы Азамат Айсағалиев 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында өткен біріншіліктің қорытындысы бойынша қоламен «Maqat boxing team», күміспен Доссор БЖСМ, алтынмен Мақат БЖСМ командалары марапаттады.

vmvnbcvgfgftrr

8utjghnvbgf6544

fhjvnbcgft66t5

Ол да өз тарапынан спортшыларды жеткен жетістіктерімен құттықтап кетті.

Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағанбетовтың қолынан І лиганың қола медальдарын көршілес Қызылқоға ауданынан келген Көздіқара құрамасы, күміс медальдарды Доссор құрамасы және алтын жүлде мен чемпиондық кубокты №8 Мақат қалпына келтіру пойызының жігіттері алды.

jfhfgbbvgfttf

«Үздік қақпашы» болып Нұрдәулет Амангелді (Мақат), «Үздік қорғаушы» болып Ақжомарт Кенжеболат (Доссор), «Үздік шабуылшы» болып Алдаберген Рысқалиев (Доссор), «Үздік ойыншы» болып Дінмаұхамбет Сұлтанғалиев (ҚКП), «Үздік сұрмерген» болып Ғалымжан Нарынбаев (ҚКП) танылды.

hfyhfbvgbfvvfff

mnvjvbhvbvgvbfvvff

ujghnbhbgvgfvcfc

Келесі боп сахнаға шақырылған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов жоғарғы лиганың жеңімпаздары мен жүлдгерлерін құттықтады. Ол ІІІ орынмен «Бахтияр», ІІ орынмен доссорлық «Омар» және кезекті мәрте І орынмен мақаттық «Қуандық» командасы марапаттады. Жекелей номинациялардың кезегі келгенде «Үздік қақпашы» атағы Алтынбек Қосекенге, «Үздік қорғаушы» атағы Дастан Анесовке, «Үздік шабуылшы» атағы Нұрмұхан Қаршығаевқа, «Үздік ойыншы» атағы Жақсылық Амандосовқа және үздік сұрмерген атағы Амандық Байниязовқа бұйырды.

mfjnvhbfgvvcccff

ncbvgbcvfvcfrr

nfhvbyfgbvtfgrdfcdxxf

nfhvnbvgbvgvfff

Сонымен қатар қызмет лигасының үздіктеріне аудан әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаевтың қолынан дипломдары мен медальдары және кубок берілді.

А.Есжан

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT