Тайландта жеңіске жетті

(0 Votes)

Жерлесіміз Ищан Галиев Тайланд елінде кәсіпқойлар арасындағы жекпе-жегін өткізген болатын.

Бұл Ищанның кәсіпқой аренадағы екінші белдесуі. Тай спортшымен болған кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Ищан қарсыласын бас көтертпей, нокаутпен жеңді. Жерлесіміз айқын мықтылығын бұл жолы да дәлелдеп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Алдыңғы жекпе-жегінде де ол рингтен мерзімінен бұрын кеткен еді. Қазіргі уақытта ол Тайланд елінде өз қаржысына оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Айта кетейік, Ищан Галиев биылғы жылы Мексика елінде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT