Тайландта кезекті жеңіске жетті

(0 Votes)

Жерлесіміз Ищан Галиев Тайланд елінде кәсіпқой муайтайдан осы маусымдағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Ол 2 наурыз күні тай спортшысымен қолғап түйістірген болатын. Отандасымыз 61 келі салмақтағы қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп, жеңісті қолдан бермеді. Осылайша алғашқы кәсіпқой "International Champion" белдігіне ие болды. Бұл жерлесіміздің кәсіпқой аренадағы алтыншы жекпе-жегі.

Спортшы бүгінгі күні Тайланд елінде  шынығып жүр. Ищан Галиев әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT