Суретшілер аудан төрінде

(0 Votes)

 Ауданда тамыз айының 19-22 жұлдызы аралығында ауданның 100 жылдығы қарсаңында Батыс аймақтық суретшілер плэнері өтті.

 Төрт күнге созылған өнер бәйгесіне Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан құралған 16 қылқалам шебері қатысты. Плэнер шартына сәйкес әр қатысушыға мұнайлы өлкенің келбетін айшықтайтын 5 туынды салып шығару тапсырылған болатын.

Осыған сәйкес қатысушылар Депо ЛПД, Жеңіс саябағы, Туған жер саябағы, Байбақты ата ескерткіші, Спорт кешені, аудандық балабақшалар мен аудандық мектептер, Жастар орталығы, Мәдениет үйі секілді ауданның бірнеше көрікті алаңдарының бейнесін кескіндеді.

Аталмыш плэнердің жабылу салтанаты аудандық мәдениет үйінде өткізіліп, онда суретшілердің төл туындыларынан көрме өткізілді. Шара барысында аудан әкімі Азамат Мәмбетов плэнерге қатысушы барлық суретшілердің жасаған туындыларында өзіндік тарих бейнеленгенін, әрі ерекше махаббатпен салынғаны анық байқалатынын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Шара қорытындысы бойынша барлық қатысушы қылқалам шеберлеріне, атап айтар болсақ Абылай Доспаевқа, Еркін Бозжігітовке, Жеңісбек Утешовке, Ахмет Ғинаятовқа, Нұртай Жәрдемовке, Бекжан Жұмабаев, Мейрамбек Малдықұловқа, Ғалымжан Сүйіновке, Айдар Еспаевқа, Манас Қожағуловқа, Закира Тазабековқа, Мая Замзинаға, Весняна Гассиеваға, Алтынай Таймановаға аудан әкімінің алғыс хаты, гүл шоқтары және жүз мың теңгелік ақшалай сертификаттары табысталды.

Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Б.Асхатқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT