Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен бастау алған балалар өнер фестивалінің гала концерті өтті.
🔶Естеріңізге салайық, өнерпаздар 19-20 тамыз күні «Эстрадалық вокал», «Хореография», «Аспапта ойнау» жанрлары бойынша бақ сынады. Ал бүгін “Сұлтан Бейбарыс” алаңында қатысушылар атыраулықтарға өнерін паш етті. Мемлекеттік тапсырыс аясында домбыра үйірмесіне қатысатын 500 бала күй орындаса, жезтаңдай әнші мен мың бұралған бишілер көпшіліктің қошеметіне бөленді.
🔶 Фестивальдің мақсаты: талантты жас орындаушыларды анықтау және қолдау, өнерге баулу.
🟠 Шара аясында кітап, жергілікті қолөнер шеберлерінің туындылары көрмеге қойылды.