Спортшыларға ноутбук сыйлады

(0 Votes)

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, дені сау ұлт саясатын жүргізуде спорт саласының алар орны ерекше. Мемлекеттік тұрғыда мықтап көңілгендіктен, аталған салада ауыз толтырып айтар жетістіктер аз емес. Жеткіншектерді спортқа баулып, чемпиондар шығарып жүрген ауданның жаттықтырушылары ортақ абырой үшін аянбай еңбек етуде. Сейсенбіде аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында спортшылар күніне орай өткен аудан әкімінің қабылдауында ол еңбектері аталып өтті. Дәлірегін айтқанда, аудан әкімі Жұмабай Ғаббасұлы аудан топырағынан түлеп, ел мерейін асқақтатып жүрген спортшыларды арнайы қабылдап, игі тілегін жеткізіп, сый-құрметін көрсетті.

-Табандылық пен шыңдалған шеберлікті қатар ұштастырып, ел намысы үшін тер төгіп жүрген бейбіт күннің батырлары сіздерсіздер. Болашақта да жеңістің төрінен табылып, толағай табыстарға жете беріңдер,-деген аудан басшысы әр спортшыға естелік сыйлыққа ноутбук табыс етті.

dengelbaeb

ishan

  Әрі қарай сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов әлемдік картадан алақандай болып көрінетін Мақат атты мекеннің атын шығарып жүрген жалынды жігіттерге ақ батасын берсе, ауданның "Құрметті азаматы" О.Деңгелбаевта алғысын айтып, өз ризашылығын білдірді.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521