Спартакиадада мұғалімдердің мерейі үстем болды

(0 Votes)

Өткен аптада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  ұйымдастыруымен  Мақат кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде   спорттың 6 түрінен (волейбол,футбол,тоғызқұмалақ,дойбы,жеңіл атлетика, үстел теннисі ) мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық  спартакиада өтті.

Жарысқа 150 мемлекеттік қызметші  қатысты. Салтанатты түрде ашылған жарыста аталмыш бөлім басшысының уақытша міндетін атқарушы Н.Исполов сәттілік тіледі.

Еліміздің  Гимні шырқалып, тартысты дода да басталды. Қызмет бабымен салауатты өмірді байланыстыра білген қызметшілер қарап қалмады. Қызықты өтті.

Волейболдан білім беру бөлімі бірінші орын алса, тиісінше, аудан әкімдігі мен №8 өрт сөндіру бөлімі екінші-үшінші орындарды бөлісті.

  Кіші аяқ добынан да білім беру бөлімі алда болды. II  орынды  Орталық аурухана, III  орынды  аудан әкімдігі алды.

sport-1

sport-4

Ерлер арасында дойбыдан I  орын  Ж.Рахметов II  орын   М.Қайыров, III  орын Т.Байгуршимов еншілесе, әйелдер арасынан I  орынға А.Туленова, Ә.Қаржауова 2-орын және  3-орынды   Ерсұлтанқызы алды.

sport-2

Ерлер арасындағы тоғызқұмалақта М.Тоқсановтың асығы алшысынан түссе, Т.Байгуршимов пен Ә.Шаменов келесі орындарды бөлісті. Әйелдер  арасында Л.Байгуршимова 1-орын, Сүлімова 2-орын, Н.Ерсұлтанқызы 3-орын алды.

sport-3

tb

 Үстел теннисінде  (Ерлер) I орын  А.Қапсәлімов (Білім беру бөлімі), II  орынды   Б.Ундасынов (Орталық аурухана), III  орынды  Қ.Мұрынов (аудандық полиция бөлімі) иеленді.

Үстел теннисі (Әйелдер) I  орын  Д.Үмбет  (Білім беру бөлімі), II  орын   Ә.Қаржауова (Аудан әкімдігі), III орын  Н.Ерсұлтанқызы (№8 өрт сөндіру бөлімі)

 Ерлер  арасындағы жеңіл атлетикадан I  орынға Қ.Жандарбеков (Білім беру бөлімі), II орынға   Д. Қалимоллаев (№8 өрт сөндіру бөлімі, III  орынға  Ж.Есенгужин – (аудан әкімдігі) ие болды.

sport-7

sport-8

 Ал,   әйелдер арасында А.Жардемованың мерейі үстем болды.

Жарыс қорытындысы бойынша  жалпы командалық есепте

 Білім беру бөлімі 1-орынға , аудан әкімдігі 2-орынға, №8 өрт сөндіру бөлімі 3-орынға ие болды.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521