Қадір ақынның жырлары қалықтады

(0 Votes)

Аптаның сейсенбісінде аудандық мәдениет үйінде қазақтың классик ақыны, поэзия алыбы, Мемлекеттік сыйлықтың және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадір Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай аудандық "Қадір оқулары" көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

img_6740

Байқауға аудан мектептерінен он екі оқушы бақ сынап, бірінен бірі асып түсуге тырысты. Сайысшылардың қай-қайсысы да жоғары дайындықпен келгені көрініп тұр. Бір қынжылатыны көрерменнің тым аздығы. Тым болмағанда оқушылардың туыстары, сыныптас достары келіп көрерменнің қатарын толықтырғанда жарыс бұдан да әсерлі болар ма еді.Рухани байлығымыздың жұтаған тұсында адам жанын тереңнен тербеген философиялық лириканың хас шеберінің туындыларына қанығу кім-кімге де артық етпес еді. Сынға сәл сабыр сақтап, сайыстың барысына үңілейік, сөз иесін таба жатар.

3

Қадірдің қадірі алаңғасардың албырттығы мен селқостардың салғырттығынан аласара қоймасы анық. Екі кезеңнен тұратын жарыстың көшін Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінен келген қос үміткер Райла мен Жадыра бастады.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

А.САДЫКОВ

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521