Атырау қаласында күзгі "ATYRAU MARATHON" VI ұйымдастырылып, оған екі мыңнан астам марфоншы қатысты. Дүбірлі додаға жүгірушілер 5, 10, 21 және 42 шақырым бойынша бақтарын сынады.
Марафонға ауданымыздан Парасат Құлмұханов, Барша-Мұрат Амантаев, Айбол Бағытов, Ерлан Жұпаров, Қабдолла Мейірбек секілді әуесқой жүгірушілер қатысты. Нәтижесінде, 10 шақырымға жүгіруден Парасат Құлмұханов (25-29) жас санаты бойынша 1 орынды қанжығасына байлап, мұнайлы өлкенің абыройын асқақтатып қайтты.
Жерлесіміз бұл қашықтықты бар жоғы 36 минутта жүгіріп өтті. Бүгінде жерлестеріне үлгі болып жүрген желаяқ мұның бәрі үздіксіз жаттығулардың арқасында екендігін айтады.