Әр нәрсені байып пен бағамдап терең ой мен таразылайтын дана халқымыз “шебердің қолы ортақ” деп ісмер жандарды ерекше бағалаған. Қарымды қабілетімен халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген дәл осындай алтын қолды ақ жүрек азаматтың бірі - Бекзат Арыстанұлы.
«Тектіден текті туады, тектінің жолын қуады» демекші оның әкесі Арыстан мұнайшы болса да талайдың таңдайын қақтырған нағыз бесаспаптың өзі. Қара жұмыстан қолы қалт ете қалса іс машинасының жанына жайғасып, тігіншілікпен айналысатын. Ал, Бекзат әкесінің жанынан табылып, көз алдында тігіліп жатқан түрлі дүниелерге асқан қызығушылықпен қарайтын. Ойын баласының осы бір қағылез қасиеті оны ақыры өз дегеніне жеткізді. Естеріңізде болса, біз бұған дейін де Бекзаттың бұл қырын басылым бетіне жария лап, оқырмандарымызға жақыннан таныстырған едік. Ал, бұл жолы оның өнеріне баға беруге облыстық халық шығармашылығы орталығының кәнігі мамандары келді. Ауданымыздың аты нан "Рухани қазына 2022" облыстық фестивальіне қатынасып жатқан Б.Арыстановқа ауылдастары да қолдау танытып, республикалық фестивальге жолдама алуына тілеулестік білдірді. Шығармашылық кеш барысында өреніміздің өз қолымен тігілген көйлектер топтамасы ұсынылып, өзге де қырларымен танылды. Ұлтымыздың бек зат өнеріне бала жасынан құмартқан ол ғасырлармен сұрыпталған ұлтымыздың өзіне тән болмыс бейнесін өз туынды ларында хас шеберлігімен барынша айқын көрсетуге тырысып бақты. Ұлттық нақышымызбен үндескен этностилдегі сән көрсетілімі шараның шымылдығын түрді. Әрі қарай "Сым бат" би тобы шеберіміздің қолынан тігілген көйлекпен мың бұрала биледі. Сағындырып жететін мерекелік кеш терде, жаңа жылдық қойылымдар кезінде баланың шат күлкісінен қымбат не нәрсе бар. Олардың шексіз ғажайып қиялымен үндестіре отырып өз туын дыларына жан бітіру тек шебердің шеберінің ғана қолынан келетін іс. Тамаша туындылар шеруін әрі қарай мульткейіпкерлер жалғап, керемет көңіл күй сыйлады. Тігін өнеріне де тізігін бермес шабыт керек. Ал ша быт бар жерде алынбайтын асу бол мас. Сондай туындылардың бірі - бір күннің ішінде бұршақ матасынан дайын.
болған кешкі көйлек. Осы және өзге де көйлектер кешкі көйлектер мен жазғы көйлектер топтамасында танысты рылды. Жігітке жеті өнер де аз демеуші ме еді?! Бекзат аудандық мәдениет үйінде суретшілікпен қатар, ән шырқап, қойылымдарда түрлі образдары мен көзге түсіп жүр. Оған бұл өнер екі жақтан да дарыған екен. Інісіне сәттілік тілеп келген туған апасы Гүлнар Ишанғалиевамен «Жас қалам» әнін қосыла шырқады.
Айта кетейік, бұл байқауда аудандық мәдениет үйінің ұжымы да бақ сына уда. Мәдениет майталмандары да кел ген қазылар алқасына өз өнерлерін паш етіп, аудандық мәдениет үйінің сахнасы дүр сілкінгендей болды. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Бекзат Арыстанұлы 2021 жылдан бастап өзінің “Алтын ине” үйірмесін ашып ізінен ілескен шәкірттерге бар білгенін бөлісіп келеді. Ендеше, елдің атынан сынға түсіп жатқан өнерлі өренімізге тек сәттілік тілейміз!
А.САДЫҚОВ