НҰРБЕК САРБАСОВ – АРНАЙЫ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

НҰРБЕК САРБАСОВ – АРНАЙЫ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
(0 Votes)

Күні кеше Исатай ауданында «Ерлері ерен, тарихы терең – Нарыным» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Бұл дүбірлі дода елдің бірлігін, тарихтың тереңдігін, туған жерге деген махаббатты жырға қосқан шын мәніндегі рухани мереке болды.

Айтысқа облыстың түкпір-түкпірінен суырып салма ақындар жиналып, айтыс өнерінің мерейін үстем етті.

Кіл мықтылар бас қосқан сахнада жерлесіміз, мұнайлы мекеннің мақтанышы Нұрбек Сарбасов аудан абыройын қорғады.
Жерлесіміз жыр додасы барысында елдік пен ерлікті, тарих пен тағдырды жырға қосып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Айтыс соңында қазылар алқасы әділ бағасын беріп, үздіктерді анықтады.Нәтижесінде он екі ақынның арасынан суырылып шыққан Нұрбек Сарбасов Исатай ауданы әкімінің арнайы жүлдесіне ие болып, қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Мұнайлы мекеннің мерейін үстем еткен Нұрбектің бұл жетістігі – ауданымыз үшін үлкен мәртебе.

 

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT