Муайтайшылар олжалы оралды

(0 Votes)

Жуырда Қазақстан Республикасы Муайтай ферерацияының ұйымастыруымен Алматы қаласында муайтайдан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті.

Аталған жарыста Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 9 спортшы қатысып, оның 7-еуі олжалы оралды.
48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Арсен Маратұлы күміс алқаны қоржынға салып, аудан мерейін бір асқақтатты. Сондай-ақ, Ербол Өтеген, Әліби Рысқұлов, Әділет Құбайдолла, Ерназар Түгелбай, Богдан Полфунтиков, Арсен Бисембай жүлделі III орынды еншілеп, қола медальға ие болды. Осы тұста аудан абыройын байрақты бәсекелерде танытып жүрген споршыларымыздың бапкерлері Ислам Галиев пен Нұрлыбек Ордабаевтың еңбегін айта кеткеніміз жөн.
Ендеше, жас споршыларымызға алдағы дүбірлі додалар да тек сәттілік тілейміз!

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521