Мәнерлеп сырғанаудан ӘЧ: Михаил Шайдоров үздік үштікке кірді

Мәнерлеп сырғанаудан ӘЧ: Михаил Шайдоров үздік үштікке кірді
Фото: ҰОК
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен 94,77 балл жинап, 39 қатысушының арасынан үздік үштікке ілікті.

Америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) көш бастаса, жапониялық Юма Кагияма (107,09 балл) екінші орында келеді.

Еркін бағдарлама сайысы Қазақстан уақыты бойынша 30 наурыз күні таңғы сағат 04.00-ге жоспарланған.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, Михаил Шайдоров Қазақстан тарихында қысқа бағдарлама бойынша әлем чемпионатында ең көп ұпай алған мәнерлеп сырғанаушы ретінде тіркелді.

Бұған дейін Денис Тен 2013 жылы қысқа бағдарламада 91,56 ұпай алған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Шайдоровтың қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Бостондағы турнирде өнер көрсетті.

С.Самоделкина қысқа бағдарламадан кейін 13-орында тұр.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT