Мерекеге арнады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне үстел теннисінен аудандық жарыс өтті.

Жарысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық прокуратура ұйымдастырды. Жарысқа аудан мекеме, білім беру ұйымдарынан барлығы 32 адам қатысты. Жүйріктер бәйгеге түскен бұл жарыста нағыз мықтылары жүлдеге қол жеткізді. Қыздар және ұлдар арасында сайыстар жеке-жеке өтті.

Жарыс нәтижесінде мектеп оқушылары (ұлдар) арасында I орынға Бауыржанұлы Бекзат, II орынға Тұрсынбаев Бекзат, III орынға Қараев Айбек қол жеткізсе, мектеп оқушылары (қыздар) арасында I орынды Жәрдемқызы Альбина, II орынды Бақтығали Аяна, III орынды Төлеген Айдана иеленді. Ал ересектер ішінен ерлер арасындағы жарыста I орынға Исполов Нұрлан, II орынға Кекілбаев Саламат, III орынға Есқабыл Дәулет қол жеткізсе, әйелдер арасынан I орынға Утарова Айгүл, II орынға Жалғасбаева Ляззат, III орынға Ержанова Ақілес ие болды.

Жарыста «Жеңіске деген жігері үшін» атауымен бірқатар спортшылар, оның ішінде; Қ.Сәрсенбаева, Г.Таубай, А.Ғазиз, Б.Жолдыбай ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан диплом, медальдармен марапатталды.

А.ҒАЗИЗ,

бөлімнің спорт нұсқаушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT