Бүгін аудандық мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет — халықтың рухани жүрегі» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік кештің шымылдығы «Шаттық» үлгілі би ансамблінің ұлттық биімен ашылды.
Әрі қарай аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар қызметкерге “Мәдениет жанашырлары” номинациясы, аудан әкімінің алғыс хаты, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов пен Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы Ж.Аманиязовтың және Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ төрайымы С.Иманқұлованың алғыс хатын табыстады.
Салтанатты шара аясында аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық кітапхана және өзге де мәдениет қызметкерлері құрметке бөленіп, еселі еңбектері үшін марапат иесі атанды.
Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл — мәдениет саласы мамандарының халықтың рухани байлығын арттыру жолындағы еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет болды.
Ж.Қамза
Сурет автордікі