Мақаттық полицейлер волейболдан жарыс өткізді

Мақаттық полицейлер волейболдан жарыс өткізді
(0 Votes)

Мақат ауданы Полиция қызметкерлері "Спорт - нашақорлыққа қарсы" тақырыбында волейболдан спорттық шара өткізілді. 

Қазақстан Республикасы «Нашқорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» негізінде Мақат ауданында есірткіге қарсы ұйымдастырылған шараға 8-ға жуық команда қатысты.

Шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткінің таралуына және олардың синтетикалық түрлеріне қарсы күрес шараларын күшейтуге бағытталды. Мақат ауданы, Доссор кентінде орналасқан Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде өткен іс-шарада Мақат ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Е.Беріков жарысқа қатысушылармен көрермендерге синтетикалық есірткі заттарындағы қауіптілік туралы айтып берді.

Шара соңында полиция лейтенанты Е.Беріков біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болуды басты назарда ұстауға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521