Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан демократиялық республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай волейболдан жолдастық кездесу өтті.
Мақсат – спорттың бұқаралығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ербол Қонысбайұлы және ауған соғысының ардагері Оңберген Дүйсенбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа ауданнан жиылған үш команда қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде «Ауған ардагерлері» командасы жеңімпаз атанып, кубокқа ие болды. Ал, аудан әкімдігінің командасы екінші орын, «Доссор» командасы үшінші орынды місе тұтты.
Барлық ойыншыларға ұйымдастырушылар атынан медаль, кубок, дипломдар табыс етілді.
М.СЕРІКҚЫЗЫ