Мақатта жаппай жүгіру ұйымдастырылды

(0 Votes)

Мақатта «Мақат марафон-2023» атты аудан тұрғындары арасында жаппай жүгіру іс-шарасы өтті. 

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Е.Ермағамбетов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, сергіту жаттығуын жасады. 7 шақырым қашықтық бойынша ұйымдастырылған марафонға жүзге жуық желаяқ қатысты. Нәтижесінде мәре сызығын бірінші болып Парасат Құлмұқанов және Мейрамгүл Жұмағалиева кессе, екінші орынды Аманжол Құлсариев және Света Қадырбаева, үшінші орынды Асылхан Давлеталиев және Марал Қайранова иеленді.

50 жастан жоғары қатысушылар арасында Еркін Мұхамбетжанов, Жанат Жұмабаева бірінші, Марат Нұрмақов, Айгүл Отарова екінші, Қоныс Төлеуов, Анаргүл Саюбаева үшінші келді. Жеңімпаздары мен жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан қаржылай сыйлық, кубок және медальдармен марапатталды.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521