Республика күні мерекесіне орай аудан мекемелері арасында «Аудан әкімінің кубогі – 2023» спартакиадасы өтті.
Шараның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ринат Хисаұлы ұлттық мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Төрт күнге созылған спорттық дода шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату және бес асық ойын түрлерінен өтті.
11 команда қатысқан жарыс қорытындысы бойынша аудандық білім бөлімі командасы І орын, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы ІІ орын, «Доссормұнайгаз» МГӨБ командасы ІІІ орын иеленді.
Жарысқа қатысушы барлық командалар мен жекелеген ойыншылар аудан әкімі атынан диплом, медальдармен марапатталып, «Аудан әкімінің кубогі» аудандық білім бөліміне табысталды.
“МТ”