«MAQAT» командасы үздіктер қатарында

«MAQAT» командасы үздіктер қатарында
(0 Votes)

Жаңаөзен қаласында Zangar Event қоғамдық қорының бас демеушілігімен және ұйымдастыруымен 2012-2017 жасөспірімдер арасында футзалдан республикалық «OZEN CUP-2024» турнирі өтті. 

Аталмыш турнирдің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамытып, жас аяқдопшылардың шеберлігін арттыру мен достық қарым-қатынасты нығайту болды.

Турнирге еліміздің түпкір-түпкірінен барлығы 20 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Аталмыш республикалық турнирде Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «MAQAT» командасы бақ сынап, үздік ойын үлгісін көрсетті.

Үш күнге созылған бәсеке нәтижесінде жерлестеріміз «MAQAT» командасы жүлделі III орынды иеленді.

Ал турнирдің «Үздік қорғаушы» номинациясы «MAQAT» командасының қорғаушысы Нұрдәулет Қайырға бұйырды.

Республикалық турнирде үздік үштіктен көрінген шәкірттерінің жетістіктеріне Ержан Шарафиев пен Әнуар Теңдібай дән риза.

Байрақты бәсекеде жүлдемен оралған жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521