Ұлттық спорттық ойындар қайта жаңғырды

Ұлттық спорттық ойындар қайта жаңғырды
(0 Votes)

 «Азаматтарға арналған үкімет» Атырау облыстық филиалы ұжымы биылғы «Наурызнама» онкүндігінің әр күнін дәріптеп, насихаттауға атсалысып келеді. «Ұлттық спорт» күніне орай да қазақтың түрлі ұлттық ойын түрлерін қайта жаңғыртты.

Мейрам барысында қазақтың көнеден келе жатқан бұқа тартыс, қой көтеру сынды ұлттық ойындары ойнатылды.

Бұқа тартыс – күш сынасып ойнайтын ойын түрі. Жиында, той-томалақта ойналатын ойынға жігіттің нары ғана шыдас беріп, күшін көрсетіп, өзін қауымға танытады. Алты құлаштай арқанды мойнына асынуға бел байлаған 10 жігіт арасынан ақпараттық техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бекет Шатенов оқ бойы озық шығып, жеңісті қанжығалады. Ал, қой көтеруден 70 рет көтеріп, өзгелерден басым түскен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуді жүргізу басқармасының басшысы Рустем Бекешов наурыз-думанның басты сыйлығына ие болды.

Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Атадан балаға мұра болған ұлттық құндылығымыздың жібін үзбей, әрі қарай жалғау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT