Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күніне орай Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық, қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен «Абай» атындағы орталықтың спорт залында спорттық іс-шара өтті. Мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыру, командалық жұмысты арттыру.
Спорттық іс-шарада Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалған соң облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Баянқызының құттықтау сөз сөйледі. Одан соң қатысушылар 4 топқа бөлінді. Әр топта 6 адам болды.
Үш кезеңнен тұрған спорттық іс-шараға қатысушылар белсенді атсалысып, достықтың үлгісін көрсетті.
Спорттық іс-шараның жабылу салтанатында жеңімпаз-жүлдегерлерге марапаттар табысталды.
А.БАУЫРЖАНҰЛЫ