Қазақстандық мергендер Бакудегі әлем чемпионатында үздік жетілікке енді

(0 Votes)

Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден аралас жұптар арасында қазақстандықтар Валерий Рахимжан мен Ирина Юнусметова үздік нәтиже көрсетті. Олар 578 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді.

Ал Эльдар Иманқұлов пен Валерия Попелова (Қазақстан-2) әр серияда тұрақты бақ сынай алмай, 32-сатыда қалды. Барлығы іріктеуде 65 жұп қатысқанын айта кетейік.

Жарыс басынан топ бастаған Үндістан-2 құрамасы финалда түркиялық қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтыннан алқа тақты. Қола жүлде Қытайдың еншісінде кетті.

Қазір жалпы есепте Қытай көш бастап келе жатыр (5 алтын, 2 қола).

Одан кейінгі Үндістан мен АҚШ-тың қоржынында 1 алтыннан бар.

Қазақстан спортшылары әлі медаль жеңіп алған жоқ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT