Дзюдошылар қоржынында үш медаль

(2 Votes)

5-7 наурыз аралығында Тараз қаласында дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға 2000 және 2002 жылы туылған еліміздің 3 қала және 14 облысынан 500-ге жуық спортшы қатысты.

Ел мықтыларын анықтайтын жарыста ауданымыздың 6 спортшысы бақ сынаған болатын.

Жарыстың алғашқы күні 66 келі салмақта белдескен спортшымыз Дінмұханбет Шаменов қарсыластарынан баса озып, қола жүлдеге ие болды.

Ал, жарыстың соңғы күні аудан қоржынына қос жүлде түсті. Қыздар арасында 78 келі салмақта Гүлсімай Отарбаева қола жүлдеге ие болып, өз ептілігін танытты. Сондай-ақ, аудан мақтанышы Серікболсын Шынтас тартысты татами бәсекесінде 90 келі салмақ бойынша мықты екенін байқатып, алтыннан алқа тақты.

7a305958-1c74-4d00-9495-db7742e2b845

Жарыс барысында 90 келі салмақ бойынша 40 спортшы, 78 келі салмақта 19 спортшы, 66 келі салмақ бойынша 49 спортшы белдескен болатын. Осы спортшылардың арасынан жерлестеріміз өз шеберліктерін танытып, жеңіс тұғырынан көріне білді.

“Бұл жарыс Азия жане Әлем біріншілігіне іріктеу, ұлттық құраманы жасақтау болып табылады. Үш спортшымыз да қазірден бастап ұлттық құрама мүшелері болып саналып жатыр. Шәкірттеріміздің өз мүмкіндіктерін толықтай пайдалана алғанына қуаныштымыз. Жеңісті күндеріміз көп болсын”,- дейді бапкерлері Ерлан Шынтас және Азамат Бегалиев.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521