Доссорда асықшылар арасында облыстық лига өтті

(0 Votes)
Доссорда асықшылар арасында облыстық лига өтті
фото: жетекшісінен алынды

Өткен аптада Доссор кентінде асық ату және бес асықтан облыстық ұлттық мектеп лигасы өтті. Дүбірлі додаға Жылыой, Мақат, Индер, Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға аудандары және Атырау қаласының құрама командалары қатысты. 

Тартысты өткен сайыс нәтижесінде, асық атудан 5-6 сыныптар арасында Жылыой ауданы I орын иеленсе, Мақат ауданы II орын, Индер ауданы III орынды місе тұтты. Ал, 7-8 сыныптар бойынша Мақат ауданы I орын, Жылыой ауданы II орын, Қызылқоға ауданы III орынды еншіледі. Сондай-ақ, 9-11 сыныптар арасындағы асық атуда ауданымыздың құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп жүлделі I орынды алса, Қызылқоға ауданы II орынға, Құрманғазы ауданы III орынға ие болды.

Одан бөлек, қыздар арасындағы бес асық сайысынан 5-6 сыныптар арасында мақаттықтар қарсыластарынан басым түсіп, қоржынды алтын медальмен толықтырса, жылыойлықтар II орынды, қызылқоғалықтар III орынды өзара бөлісті.

Сонымен қатар, 7-8 сыныптар бойынша Жылыой ауданы I орынмен, Мақат ауданы II орынмен, Құрманғазы ауданы III орынмен марапатталса, 9-11 сыныптар бойынша тағы да жылыойлықтар үздік нәтиже көрсетіп, I орынды жеңіп алды. Ал, II орынды Махамбет ауданы мен III орынды Индер ауданы еншіледі.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар кубок, медальдармен марапатталып, алда өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521